Қарағанды облысындағы аудандық аурухана жоқ адамдардың шотына ақша аударған
Сурет:gov.kz
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының прокуратурасы іс жүзінде жоқ адамдарға амбулаториялық-емханалық көмекке қаржы есептеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеріс нәтижесінде, бюджетке 7 миллион теңгеден астам соманы қайтарылды.
Бұқар жырау ауданының прокуратурасы Бұқар жырау аудандық ауруханасының соңғы үш жылдағы қызметіне тексеру жүргізді. Осы тексеру барысында амбулаториялық-емханалық көмекке қаржыны заңсыз есептеумен байланысты өрескел бұзушылықтар анықталды.
"Прокурорлар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен, алайда оларға азаматтардың жан басына шаққандағы кешенді стандарты бойынша қаржыландыруды есептеу жалғастырылған 87 адамды анықтады. Бұл бұзушылық бюджет қаражатын заңсыз пайдалануға жол берген".Қарағанды облысының прокуратурасы
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аудандық аурухана мемлекеттік бюджетке 7 млн теңгеден астам соманы қайтарды. Үш лауазымды тұлға тәртіптік, екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал, БҚО әкімдігінің бухгалтері өзі қалаған айлықты есептеп, алып отырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript