Қарағанды облысында заңсыз қоқыс төккен жүргізуші ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 12:18 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында полицейлер қалдықтарды белгіленбеген жерге заңсыз төгу фактісін анықтады.

Бұқар жырау ауданында учаскелік полиция инспекторлары мен табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері бірлескен рейд барысында тазартылмаған ағынды суларды заңсыз төкпек болған жүргізушіні анықтады. Құқық бұзушылық жасаған азаматтың жеке басы сол жерде анықталған.

Ол санитариялық талаптарды сақтамай, қалдықтардан арнайы көлік арқылы заңсыз арылмақ болған. Қалдықтарды төгу үшін пайдаланылған автокөлік дереу мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жиналған материалдар Қарағанды облысының экология басқармасына жолданды. Рейд тек құқық бұзушылықты анықтаумен шектелмеген.

Аудандағы танымал демалыс орындарының жағдайына да назар аударылып, жергілікті әкімдікке тиісті ұсыным жолданған. Нәтижесінде Нұра өзенінің жағалау аумағын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Демалушылардан қалған тұрмыстық қоқыс жиналып, аумақ тазартылды. Полиция мұндай шаралар табиғи аумақтардың ластануына жол бермеуге бағытталғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: