60-қа толған Нұрлан Өнербаевты министр Райымқұлова құттықтады

facebook.com facebook.com
Бекзат өнердің дарынды өкілі, сыйлы тұлғасы.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаевты 60 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті Нұрлан Әлтайұлы!

Сізді мерейлі 60 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз Ұлы Дала елінің мәдениеті мен өнерін дамыту жолында сүбелі үлес қосып келе жатқан, бекзат өнердің дарынды өкілі, сыйлы тұлғасыз.

Ұлттық мүдде жолындағы ұтымды ойларыңыз бен бойыңызға дарыған дара талантыңыздың арқасында, Сіздің аса шеберлікпен орындаған "Сағыныш", "Анашым", "Әке арманы", "Қазақ қызы" сынды басқа да әндеріңізді өскелең ұрпақ атыңызды ардақ тұтып, асқақтата шырқап келеді.

Алдағы уақытта да отанымыздың үлкен нәтижелер мен мол табыстарға жетуі үшін игі бастамаларыңыз бен еселі еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге тілектеспін!

Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, деніңізге саулық, жанұяңызға бақыт, ісіңізге береке, сарқылмас қайрат пен таусылмас табыс тілеймін!" – деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз