Түркістан облысында жас жігіт ағасын өлтірді

ТО ПД баспасөз қызметі ТО ПД баспасөз қызметі
деген күдікке ілінді.

Келес ауданында учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны хабарласып, белгісіз жағдайда жалғызбасты көршісі жоғалып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірден шақыртуға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Берік Айдосов шықты. Тәртіп сақшысы оқиға орнын мұқият тексеру барысында, үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын жолдан қанның іздерін байқады. Анықталғандай тереңдігі 2 метрлік құдықта ер адам қимылсыз жатқан, оны ауыл тұрғыны танып, көршісі екенін айтқан.

Табылған мәйіт бойынша полицей кезекші бөлімнің 102 пультіне хабарлады. Бірнеше минут ішінде аудандық бөлімнен жедел-тергеу тобы келді. Криминалистер тексеру кезінде мәйіттен көптеген көгерген тұстары мен гемотомалар тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша Келес АПБ-нің СДТБТ-ға тіркелді.

Мән-жайды анықтау үшін полицейлер, қайтыс болған ер азаматтың таныстарын, олармен қарым-қатынасын, өмір салтын зерделеді. Үзіліссіз жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жәбірленушінің туыс інісі күдікке ілінді. Оны полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінен ұстады.

Белгілі болғандай, жас жігіт туысының үйіне келген. Екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан. Содан кейін жас жігіт өзінің ауыр қылмысын жасыру үшін мәйітті үйдің ауласында орналасқан суы тартылған құдыққа лақтырып, қашып кеткен.

Қазір күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз