Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген тағы бір азамат табылды

ШҚО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 22:22 ШҚО ПД баспасөз қызметі
ПД көші-қон қызметі қос азаматтық фактілерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері қос азаматтығы үшін 80-нен астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай фактілердің бірі ағымдағы жылдың 2 қарашасында Бесқарағай ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24 жастағы қыз 2021 жылдың мамыр айында Томск қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда осы уақытқа дейін бұл факт туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін хабардар етпей, сондай-ақ ҚР азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырмаған, осылайша Қазақстан заңнамасын бұзды. Ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі бойынша 200 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тіркелді.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайтынын еске салады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: