ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 17 адам жауапқа тартылды
Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері 250-ден астам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегі тіркелді. Негізінен, бұл – басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдап, қолданыстағы заңнама талаптарын орындамаған тұлғалар.
Жүргізілген жұмыстар аясында 17 адам жауапқа тартылды. Мысалы, тексеру іс-шаралары барысында облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны анықталды.
Ол 2026 жылдың ақпан айында көрші мемлекеттің азаматтығын алып, заң талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде хабарламаған.
Салдарынан оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылданып, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары тәркіленіп, азаматтығынан айырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда. ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.