Lexus мінген астаналық 350 мың долларым ұрланды деп зар қақты

pixabay pixabay
Lexus автокөлігінің артқы терезесін сындыру арқылы салоннан ірі сомадағы ақша салынған сөмке ұрланғанын айтты.

Нұр-Сұлтан тұрғыны қарызын төлемеу үшін 350 мың долларының ұрлығын қолдан ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

42 жастағы ер адам полицияға хабарласып, Lexus автокөлігінің артқы терезесін сындыру арқылы салоннан ірі сомадағы ақша салынған сөмке ұрланғанын айтты.

Оның айтуынша, сөмкеде 350 мың АҚШ доллары болған.

Куәгерлер қылмыс жасалған жер түсірілген бейнежазбаны ұсынды, онда белгісіз ер адамның сөмкены алып бара жатқанын көруге болады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыс туралы мәлімдеген ер адамның өзі автокөлік салонынан ұрлық жасағаны анықталды, делінген Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мұндай қадамға астаналықты өзінің танысынан алған үлкен қарызы итермелеген екен. Ақшаны қайтарудан жалтару үшін ол қылмыстық жоспар құрып, бір танысын ұрлықты орындаушы болуға көндірген.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз