Алматылықтың үйіндегі 250 мың доллар салынған сейф ұрланды
Сурет: Алматы полиция департаменті
Алматы полициясының қызметкерлері ірі ұрлықтың бетін ашты. Тәртіп сақшылары 250 мың АҚШ доллары бар сейфті ұрлады деген күдікпен Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полициясының баспасөз қызметі 1989 жылғы азаматтың бөтеннің жеке үйіне басып кіріп, ірі көлемдегі ақшасы бар сейфті алып шыққанын нақтылады.
"Ұрлық болған кезде үй қожайындары болмаған. Бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол - жеке кәсіпкер. 250 мың долларды үйіндегі сейфте сақтаған".Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков
Күдікті қамауға алынып, кінәсін мойындады.
"Сотталушының тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны көңнің арасына тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді".Ілияс Өмірсеріков
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әр адам өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасағандағы кінәсі жойылмайынша кінәсіз деп танылады.
24 тамыз күні дәл осындай жағдай Көкшетауда болды. Автосалоннан 30 миллион теңгелік сейф ұрланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript