Алматы облысында 4 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 23:39 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері ірі ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 сәуір Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданды. Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады Polisia.kz-ның Telegram арнасында.

Дерек облыс орталығының полициясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3- тармағы бойынша тіркелді.

1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды.

Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр. Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: