Нұр-Сұлтанда бала күтушісі қожайынның 3,5 млн теңгесін ұрлады

polisia.kz polisia.kz
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қылмысын мойындады.

Елордалық тұрғын пәтерінен 8 700 АҚШ доллары ұрланғанын айтып, полицияға арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, биылғы тамыз айынан бері өз отбасында жұмыс істеп жүрген 35 жастағы күтушіден күдіктенеді.

Қожайындары үйде болмаған кезде ол жатын бөлмедегі әйел әмиянынан ақшаны суырып алуы ықтимал.

Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ұрлық жасаған күдікті тұрғылықты жері бойынша ізін суытпай қолға түсірілді. Одан ұрланған қаражат табылып, тәркіленді. Әйел екі мың долларды теңгеге айырбастаған, бірақ оны пайдаланып үлгермепті, себебі оны жедел қызметкерлер ұстады, - деліген ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қылмысын мойындады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз