Қарағанды облысында кеншілердің улану фактісі бойынша тергеу басталды

Zakon.kz Zakon.kz
Айта кетсек, зардап шеккендердің екеуі де қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

Төтенше оқиға орынында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай ауданындағы шахтадағы жарылыс фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтады, – деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен жұмысшылардың есімдері де белгілі болдыү Олар - Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 жылғы (үңгуші-кенші) және 1985 жылғы Зейналов Елайдар Абезоғлы (үңгуші-кенші).

Айта кетсек, зардап шеккендердің екеуі де қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

Биылғы жылдың 7 қарашасында профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 1960 және 1963 жылғы екі кенші келіп түсті. Екеуіне де шахтадағы өткір газдан, яғни метан және көмірқышқыл газынан улану диагнозы қойылды. Диагнозы – токсикогипоксический энцефалопатия, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екі кеншіге аурухана дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Бұған дейін Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-қа тиесілі шахтада кеншілердің метан газынан уланғаны белгілі болған еді. Қайтыс болғандардың тізімі де жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз