U-23 Әлем біріншілігі: қазақстандық балуан қолаға таласады

olympic.kz olympic.kz
Қола медаль үшін өтетін белдесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Өкінішке қарай, қазақстандық балуандарда әзірге медаль жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, 61 келіде ел намысын қорғаған Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдесіне таласады. Ол молдовалық Вадим Берегой мен украиналық Камиль Керымовты жеңіп, жартылай финалда армениялық Арсен Арутюняннан ұтылып қалды.

Қола медаль үшін өтетін белдесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Сондай-ақ, 74 келіде сынға түскен Нұрғожа Қайпанов жүлдеден қағылды. Ол алдымен Беларусь өкілі Давуд Ализалауды 8:0 есебімен ұтқан болатын.

Алайда, 1/8 айналымда армениялық Грайр Алиханянмен тең түсіп, әдіс сапасы бойынша қарсыласқа жол берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз