"Qazsport" көрсетеді. Бүгін "Ордабасы" мен "Қайрат" Еуропа лигасында сынға түседі

Чемпионат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2019 22:17 Чемпионат
Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де және түнгі 01:00 басталады.

Алматының "Қайраты" Еуропа лигасының алғашқы іріктеу раундында сырт алаңда босниялық "Широки Бриег" клубымен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 01:00 басталады. Ойынды "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирден көрсетуді жоспарлап отыр.

Матч Широки Бриег деген қаладағы 10 мың көрермен сиятын "Пецара" стадионында өтеді, деп жазады sports.kz.

Төрешілер – румыниялық бригада, бас төреші Себастьян Колтеску, оның көмекшілері Себастьян Георге мен Даниэл Митруци.

Бүгін сондай-ақ Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік "Ордабасы" өз алаңында Грузияның Кутаисиінен келген "Торпедоны" қабылдайды.

Бұл кездесу сағат 20:00-де басталады, оны да "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: