Қазақстанның төрт жаңа түрмесі қай облыстарда салынады?

Zakon.kz Zakon.kz
Ол бұл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы үлкен жоба екенін атап өтті.

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа төрт колонияның құрылысы қай облыстарда жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы үлкен жоба екенін атап өтті.

Таяудағы үш жылда біз Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында осындай төрт мекеменің құрылысын салуды жоспарладық. Әрбір колонияда 1,5 мыңға дейін сотталған болады. Бұл колониялардың әрқайсысында арнайы өнеркәсіптік аймақтар қарастырылады, бұл аталған мекемелер аумағының шамамен 50%-ы, - деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде.

ІІМ басшысы жаңа түрмелердің құрылысы туралы 3 қарашада хабарлады. Бірақ содан кейін ол колониялар үш облыста салынатынын айтты.

Мәжілісте Ішкі істер органдарын реформалау бойынша Үкімет сағаты өтуде. Отырыс бір минут үнсіздіктен басталды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз