Еуропаның көміртегі салығына Қазақстанның қандай тауарлары ілігуі мүмкін?
primeminister.kz
Ол 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең ұсыну қарастырылуда екенін атап өтті.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ОКҚ брифингінде қазақстандық қандай тауарларға көміртегі салығы салынуы мүмкін деген сұраққа түсініктеме берді. Еуропалық Одақ оны 2023 жылы енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылдан бастап Еуропалық Одақ көміртегі салығын енгізуді жоспарлап отыр. Аталған салық өндірісі шығарындылардың жоғары деңгейімен өндірілетін импортталатын тауарларға енгізіледі, - деді ҰЭМ басшысы Әсет Ерғалиев.Сонымен қатар, ол 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең ұсыну қарастырылуда екенін атап өтті.
Егер қандай тауарлар екенін айтатын болсақ, мұнай өнімдері, болат, алюминий, цемент, органикалық химия тауарлары. Көміртегі салығының құрылымы мен оның деңгейі бойынша ЕО-да талқылаулар жүргізілуде. Біз осы талқылаулардың барысын тұрақты бақылап отырамыз, талдау жүргіземіз, ЕАЭО бойынша әріптестерімізбен консультациялар жүргіземіз. Жалпы есептеулер жүргізіліп жатыр, биылғы жылдың соңына қарай нақтыланады, – деп түйіндеді министр.Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript