Ағайындылар туысынан ақша мен алтын тұрған сейфті ұрлады

Zakon.kz Zakon.kz
Алтынды өздеріне қалдырып, ақшаны жұмсап жіберген.

Түркістан облысында ағайындылар туыстарының сейфінен ақша мен алтын ұрлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, 11 мың АҚШ доллары мен алтын әшекейлері бар сейфті ұрлап кеткенін хабарлады.

"Залалдың жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрады. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеді", – деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар жәбірленушінің туыстары екен. Сонымен қатар, олардың біреуі бұрын сотталған.

Ағайындылар тұрғындардың жоқтығын пайдаланып, үйге кіріп, жатын бөлмесінен сейфті алып кетіп, оны ауылдың сыртына апарып ашқан.

Алтынды өздеріне қалдырып, ақшаны жұмсап жіберген.

"Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілді. Бұрын сотталған, 30 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның 32 жастағы ағасы 4 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", – деп толықтырды ведомстводан.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз