Шымкентте 36 азамат кәсіп ашуға алған ақшасын тойға жұмсаған

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 14:39 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкент қаласында 36 азамат мемлекеттің нысаналы мақсатқа берген қаржысын орынсыз жұмсап жіберген.

Олар жаңадан кәсіп ашып, бизнес жүргізудің орнына алған ақшасын отбасылық қуаныш пен өзге де тірлікке жаратқан.

Осындай әрекетке барған 26 азаматпен қазір медиациялық келісім бойынша немесе ай сайын бөліп төлеу арқылы берешегін қайтару ісі жүргізілуде, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал ақшаны қайта бергісі келмеген 10 азаматтың ісі сотқа жолданды. Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңге шамасында ақша берілген.

Мұндай жағдай мегаполисте 2023 жылы тіпті белең алып кеткен болатын.

"Олар 158 миллион теңгеден астам қаржыны нысаналы мақсатқа жұмсамағаны үшін бюджетке қайтаруы керек. Бүгінгі таңда қайтарылғаны 45 миллион теңгені құрайды. Қалған 112 миллион теңге бойынша бүгінгі таңда жұмыстар жүргізілуде." Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: