Шымкентте мектеп директоры мен бас есепші сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 16:56 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласында мектеп директоры мен бас есепші 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттің білім саласына бөлген 71 миллион теңгесін жымқырған.

Тергеу барысында білім ұясының директоры мен бас бухгалтердің екі жыл бойы мұғалімдерге артық жалақы аударып, оны өздері алып келгені анықталды.

Мұнан бөлек, мектеп басшысының қарамағындағы орынбасары арқылы декреттік демалыста жүргенде мұғалімдердің бірінен мерзімінен бұрын жұмысқа шығу үшін 150 мың теңге пара алғаны дәлелденді.

Қос азаматтың бірі сотта кінәсін мойындап, болған іске өкінетінін айтқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал екіншісі өзіне тағылған айыпты мойындамастан, кінәсізбін деп ақталуға тырысқан. Сот оларды бас бостандығынан айырумен бірге өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығын шектеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: