Жаңалықтар тізбегі
0

Меркі ауданында жаңа мешіт ашылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2021 21:21 Zakon.kz
Ауыл тұрғындары алысқа сабылмай-ақ, ауылдың ішінен мешіт бой көтергеніне дән риза.

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақжол ауылында жаңа мешіт бой көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

100 түтіні бар бұл ауыл тұрғындары бұған дейін көрші ауылға қатынаған болатын. Енді тұрғындар алысқа бармай-ақ, өз ауылында орналасқан мешітте ғибадат ете алады. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп, тұрғызылған. Мешіт 100 адамға шақталған. Қасында ас беріп, Құран бағыштауға арналған 200 орындық асхана барлық керек-жарағымен жабдықталған. Мешітке келушілер үшін автокөлік қоюға арналған 50 орын бөлінген. Алла үйін сол ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Байсеитов Орынбасар Дүйсенұлы өз қаражатына салған.

"Мешіттің құрылысы үш жыл бұрын басталған болатын. Алайда пандемияға байланысты бір жыл тоқтап қалған еді. Кейін қайта қолға алып, құрылыс жүре бастады. Менен басқа да, осы құрылысқа атсалысып, көмектескен барша ағайынға алғысымды білдіремін. Мешіттің іші жамағатқа толсын. Алла дұға-тілегімізді қабыл етсін", - деді Орынбасар Дүйсенұлы.

Мешіттің ашылу салтанатына Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлы, Меркі ауданының әкімінің орынбасары Берік Дүйсенбайұлы, Меркі ауданының құрметті азаматы Қамбар Иманалиев және ауыл тұрғындары қатысты. Шара соңында, мешіт асханасында жамағатқа дастархан жайылып, Құран бағышталды.

Ауыл тұрғындары алысқа сабылмай-ақ, ауылдың ішінен мешіт бой көтергеніне дән риза.

"Мешіт жоқ кезде, боранды күні имамның үйіне жиналып намаз оқитынбыз. Енді міне жаңа мешіт салынып, өзге ауылға сабылмаймыз. Осы мешітке келген әрбір адамға Алла тағала нұр, береке берсін", - дейді ауыл ақсақалы Байжанов Орын.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: