Таразда бір әйелді автобус қағып, мерт қылды

Zakon.kz Zakon.kz
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Таразда автобус жүргізушісі әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қараша күні таңертең Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел жолды оңнан солға қарай кесіп өтіп бара жатқан, деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз