Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі 15 жасар жасөспірімді қағып, мерт қылды
Сурет: Zakon.kz
Жүргізуші Ақтөбе қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды
3 желтоқсанда кешке Land Cruiser Prado жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бала оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады Liter.kz.
32 жастағы Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасына қарама-қарсы Пацаев көшесінде келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жүргіншіге жол бермей, 2006 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ақтөбе қалалық ПД
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі , "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript