Алматы облысында қолында екі баласы бар әйелді көлік қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 12:00 Сурет: Zakon.kz
Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуірде сағат 22:05 шамасында Ескелді ауданында үш адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Қарабұлақ ауылында 19 жастағы Audi-80 жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, қолында екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кетті. Үш жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: