Pfizer вакцинасы мектептерде сақталмайды

Zakon.kz Zakon.kz
Қаланың дайындығы ең жоғары 20 емханасы іріктеліп алынды, вакцина соларға жеткізіледі.

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Комирнати "(Pfizer, АҚШ) вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың басталуы туралы" баспасөз конференциясы өтті, онда балаларды вакциналаудың схемасы қалай жоспарланғаны түсіндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вакцинаның қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Мектептерге препарат берілмейді, ол арнайы орында сақталады. Вакцинаны сұраныс санына сай көшпелі бригадалар арқылы жеткізу жоспарланып отыр. Жол бойында суық тізбекте сақталады, - деп нақтылады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Қаланың дайындығы ең жоғары 20 емханасы іріктеліп алынды, вакцина соларға жеткізіледі. Ол жерден уақытша вакцина пункттерінен санитарлық нормаларды сақтай отырып, көшпелі бригадалар жақын маңдағы мектептерге жібереді.

Антиваксерлерге түсіндіру жұмыстары әрдайым және барлық жерде жүргізіледі. Вакцинадан бас тартудың салдары қиын болатынын көрсететін көрнекі мысалдар келтіріледі. Ата-аналар вакцинаның инфекцияны жеңудің жалғыз жолы екенін түсінуі керек, дейді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз