Абай шахтасындағы жарылыс кезінде зардап шеккен екі кенші есін жиды

Денсаулық сақтау басқармасы Денсаулық сақтау басқармасы
Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы бірқалыпты, келесі аптада үйлеріне босату жоспарлануда.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Абай кенішіндегі жарылыстан зардап шеккен кеншілер Жеңіс Маралбаев пен Елайдин Зейналов есін жиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Маралбаев қайғылы оқиғаның барлығы есінде қалмағанын айтты.

Тек кенеттен жарқылдап, жарылыс болды. Бір уақытта иіс сезбей қалдым, сол кезде газдан жарылыс болғанын түсіндім, одан кейін бәрі бітті, есімнен танып қалдым. Қайта Шахтинск жігіттеріне рахмет, олар мені шығарып алды. Тапқан бірінші адамы мен болыппын. Бір-бірімізден бір жарым метр қашықтықта сегіз адам сұлап жатқан. Түтін сұлатты. Шамдар шырт-шырт етіп дыбыс берді. Газдың иісі де, дәмі де жоқ, бірақ бір рет онымен дем алсаңыз, болды, біттім дей беріңіз. Құтқарушылар мені таза ауаға алып шыққан кезде ғана есімді жидым, – дейді ол.

Екінші кеншінің айтуынша, бәрі дұрыс болған, жағдайдың қалай орын алғанын ешкім білмейді.

Жігіттерден "газ шығып жатыр" дегенді естіп қалдық. Кетіңдер деді, содан кейін бәрі бітті. Одан кейінгісі есімде жоқ. Шаң көтерілді. Үрлеп жатты. Олар мені шығарып алды. Ол арада бір сағаттай жаттым. Әрине, қаза тапқандардың алдынан жарылқасын. Еске түсіру қиындау. Ол арада алты жыл жұмыс істедім. Ешқашан ұмытпаймыз. Біздің жолымыз болды, – деді Елайдин Зейналов.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы бірқалыпты, келесі аптада үйлеріне босату жоспарлануда.

Айта кетейік, екі кеншінің де жасы үлкен, Маралбаев 59 жаста болса, Зейналов - 61 жаста.

7 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-қа қарасты Абай шахтасында метанның ауаға тарауы салдарынан кенеттен жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 64 адам жұмыс істеп жатқан. Салдарынан екі кенші жарақат алып, алтауы қаза тапты. Тергеу басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз