Жаңалықтар тізбегі
0

Шамалғандағы апат. Комаға түскен екі қыздың бірі есін жиды

ukrinform.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2019 20:16 ukrinform.ru
Ол әрі қарай ем алу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылып жатыр. Жағдайы ауыр, динамикасы тұрақты.

Шамалғандағы теміржол өткелінде апатқа ұшыраған қыздардың бірінің жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Кеше 5 жасар бала есін жинады, жасанды тыныс алу аппаратын алып тастадық, бүгін ол әрі қарай ем алу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылып жатыр. Жағдайы ауыр, динамикасы тұрақты", деп атап өтті департаменттегілер

Оның 3 жасар сіңлісіне келер болсақ, ол әлі жасанды тыныс алу аппаратына "танылған". Жағдайы өте ауыр, нашарлау байқалмайды.

19 қыркүйекте Шамалғанда жарақат алған балалар аудандық ауруханадан Алматыға ауыстырылған. 3 және 5 жастағы екі қыз Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізілген еді. Олардың анасы № 7 қалалық клиникалық ауруханаға ауыстырылған. Қазір әйелді отаға дайындап жатыр.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте Алматы-Отар учаскесінің Алматы-Отар жол учаскесіне қарасты "Ақсеңгір-Шамалған" теміржол өтпесінде № 456 бағыттағы Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Алматы-Қаскелең бағытында жолаушылар тасымалдайтын "Сетра" автобусымен соқтығысты. Салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болып, үш жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Олар - 1986 жылғы әйел және оның 2014 және 2016 жылдарғы екі баласы. Үш науқас та комаға түскен. Автобуста барлығы 67 жолаушы болған делінеді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: