Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда есінен танып, жаяу жүргіншіні қаққан троллейбус жүргізушісі әлі ауруханада жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2020 20:59 zakon.kz
Науқастың жағдайы ауыр әрі тұрақты.

Алматыда рөлде отырғанда есінен танып, жаяу жүргіншіні қағып мерт қылған №12 троллейбустың жүргізушісі әлі ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Науқас жедел жәрдем көлігімен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер оған "Маллори-Вайс синдромы" деген диагноз қойды, оның дерті асқынып, қан тоқтамай аққан. Дәрігерлер барлық тиісті медициналық ем-домдарды жүргізді, миды КТ-ға түсірді, травматолог, нейрохирург, хирург сынды мамандар қарады. Нәтижесінде басынан жарақат алды деген болжам нақтыланбады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол хирургия бөлімінде. Ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтаудың баспасөз қызметі.

Алматы қаласында 2020 жылдың 5 қаңтарында №12 троллейбус жүргізушісі Сәтпаевпен шығыс бағытта келе жатқан. Розыбакиев көшесіне жетпестен ол кенеттен оңға бұрылып, жол жиегінде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктеріне барып соғыллды. Троллейбус тек ағашқа барып соғылғанда ғана тоқтады. Куәгерлердің айтуынша, троллейбус жаяу жүргіншіні де қағып кеткен. Айналадағы адамдар троллейбус астында қалған адамды алып шығуға тырысқан, өйткені автобус оны қысып қалған. Ер адам оқиға орнында жан тәсілім етті.

Кейін "Алматыэлектротранс" АҚ жол апаты болған кезде троллейбус жүргізушісінің кенеттен қан қысымы көтеріліп кеткенін, ес-түссіз күйде ол көлікті басқара алмай қалғанын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: