ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды

ШҚО ҚАЖ Департаменті ШҚО ҚАЖ Департаменті
Бір минуттық үнсіздік жариялады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаменті және оған қарасты барлық мекеме қызметкерлері бүгінгі күннің батыры Ғазиз Байтасовты еске алып, бір минуттық үнсіздікпен жұмыс күндерін бастады.

Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов қызметте жүріп, қырық жасында өмірімен қоштасты. Бүгінгі күні Ғазиз Байтасовтың ерлікпен өмірден өткеніне 10 жыл толды. Батыр әріптесіміз осыдан 10 жыл бұрын өз жолынан таймай, тура келген ажалды батылдықпен қарсы алған. Бүгінде, батырымыздың ерлігі, Отан алдында борышын қорғап жүрген, Отан алдында қызметін атқарып жүрген әрбір азамат үшін ерлік.

Еске сала кетсек, 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында, қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Осы әрекетімен қаншама адамның өмірін құтқарып қалды.

Ішкі істер Министрлігіне қарасты әрбір қызметкер қабылдаған анттарын орындау барысында, қаншама азаматтарды құтқару жолында, бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірлерін құрбан еткен еді. Олардың әрқайсысы бүгінгі ұрпақ жүрегінде, деді облыстық Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

Ғазиз Байтасовқа ерлігі үшін Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-11/thumbs/1636687133_4f1efd5c-204d-4618-8430-36dfe7ab72ce.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-11/thumbs/1636687104_abadffe2-e62a-41cc-9c41-175ba9c8f727.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-11/thumbs/1636687128_f69443d1-ddc4-4fc1-901d-b850d60a1068.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз