ҚАЖ қызметкерлері сұр мерген Төлеуғали Әбдібековті еске алды
Төлеуғали Әбдібеков 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында дүниеге келген. Бала кезінен әкесі мергендікке үйреткен екен. Әкесімен бірге аң аулауға шығып, оқ атудың қыр сырын жақсы меңгерген бозбала кейіннен "Қызыл әскер" қатарына әскерге шақырылып, өз борышын өтегеннен кейін отанына оралған.
Кейіннен Төлеуғали Әбдібеков Ұлы Отан соғысына аттанған Ол ерлік көрсетіп екі жылда 397 немістің көзін жойған. Сұрмерген өз батальонындағы жауынгерлерді де мергендікке үйреткен.
Жеңістің 77 жылы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсетіп, 397 немістің көзін жойған сұрмерген Төлеуғали Әбдібековті қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері бір минуттық үнсіздікпен еске алып, жас қызметкерлерге батырдың ерлігі туралы баяндалды. "Ер есімі, ел есінде". Бүгінгі жастарымыз сұрапыл соғыс батырларын білуі қажет. Батыр рухына тағзым жасалды. Бүгінде Жарма ауданында Төлеуғали Әбдібековтің ескерткіші бар. Батырдың №2916 нөмірлі снайпер винтовкасы Алматыдағы Мемлекеттік музейде сақтаулы, - деді Департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.
Айта кетейік, Ұлы жеңістің 77 жылы қарсаңында Өскемен қаласының мекеме қызметкерлері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл қойды. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері күннен күнге саны азайып келе жатқан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сыйлықтар тарту етті.