Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашын күтілуде

pixabay pixabay
Еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.

Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жыра республиканың барлық өңірлерін қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз – 3 жылу, күндіз 3 аяз – 10 жылу, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз – 7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылу болжанады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз