ӘЧ-2021: қазақстандық балуандар тағы бес медаль еншіледі
instagram/nurken_adai
Әлем чемпионаты 14 қарашада аяқталады.
Самбодан әлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық балуандар ұлттық құрама қоржынына тағы екі күміс пен үш қола медаль салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ажар Салықова (65 келі) мен Ділдәш Құрышбаева (72 келі) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Үш жігіт қола жүлдені иеленді: Айдын Дартаев (79 келі), Нұркен Домбаев (58 келі) және Әділбек Сейісов (64 келі).
Ташкенттегі екі күнге созылған жарыстан кейін қазақстандық самбисттердің қоржынында 9 медаль бар – екі алтын, үш күміс және төрт қола. Әлем чемпионаты 14 қарашада аяқталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript