Футболдан Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ірі жеңілісті бастан өткерді

kff.kz kff.kz
Қазақстандықтар келесі кездесуін 16 қараша күні Нұр-Сұлтанда Тәжікстан құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің ақтық кездесуін өткізіп, Франциядан тақыр-таза ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Париждегі масқара жеңіліс (0:8) Қазақстан құрамасының 2005 жылғы антирекордын жаңартты. Кезінде Қазақстан 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Түркиядан 0:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Қазақстандық футболшылар Франциямен арадағы ойынға дейін бұлайша ірі ұтылыспен бетпе-бет келіп көрген жоқ еді.

Қазақстанды ұтып кеткен Франция құрамасы өз тобында мерзімінен бұрын І-ші орынға көтеріліп, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Бірінші таймда әлем чемпиондары үш рет гол соғып, екінші таймда да гол соғуды жалғастырды. Килиан Мбаппе покер (төрт гол) соқты, тағы бір шабуылшы Карим Бензема дубль (екі гол) жасады.

Қазақстандық спортшылар 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде өз ойынын аяқтап, іріктеу тобындағы соңғы орынға жайғасты.

Голдар: Килиан Мбаппе 6, 12, 32, 87, Карим Бензема 55, 59, Адриен Рабьо 75, Антуан Гризманн 84 (пенальти)

Қазақстандықтар келесі кездесуін 16 қараша күні Нұр-Сұлтанда Тәжікстан құрамасына қарсы өткізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз