Қазақ футболы ФИФА рейтингінде әлі 118-ші орында тұр

ҚФФ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 22:38 ҚФФ
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қазанда өз алаңында Албания құрамасына қарсы өткізеді.

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 118 орынды сақтап қалды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңартылған тізімнің үздік үштігінде ешқандай өзгеріс жоқ. Көшбасында Бельгия құрамасы тұрса, Франция екінші орында, Бразилия үшінші сатыда.

ФИФА рейтингі:

1 (1). Бельгия - 1773 ұпай;
2 (2). Франция - 1744;
3 (3). Бразилия - 1712;
4 (4). Англия - 1664;
5 (7). Португалия - 1653;
6 (5). Уругвай - 1645;
7 (8). Испания - 1642;
8 (6). Хорватия - 1628;
9 (9). Аргентина - 1623;
10 (10). Колумбия - 1622;
...118 (118). Қазақстан - 1156.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының жаңа маусымында Михал Билек баптайтын Қазақстан құрамасы екі кездесу өткізді. Бірінші кездесуде біздің құрама сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен жеңсе, Алматыда Беларусь құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қазан күні өз алаңында Албания құрамасына қарсы өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: