Егер бала мектепте қорлық көріп жүрсе, не істеу керек? Психолог кеңесі

Zakon.kz Zakon.kz
Сондай-ақ сарапшы балаға біреулердің тиісіп жүргендігінен хабар беретін белгілерді атады: оқшаулану, тәбеті мен ұйқысының нашарлауы, мектепке барудан бас тартуы, оқу үлгерімінің нашарлауы.

Психолог-маман мектепте баласын сыныптастары қорлап жүрсе, ата-ана қандай әрекет жасау керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" газетіне берген сұқбатында Екатерина Маденко ата-ана баласын мектептегі қорқыту-үркітумен бетпе-бет өзін жалғыз қалдыруға, өзің күрес деуіне мүлде болмайтынын түсіндірді.

Әдетте, анасы да, әкесі де бала барлық қиындықтарды өзі шешуі керек деп санайды. Мұндай жиі орын алады. Психолог мұның қисынды екенін мақұлдағанымен, бірақ қорқыту-үркіту бар жерде бұлай жасауға жол бермеуді сұрайды.

Мазақтау, қорлау кезінде бала моральдық және физикалық қорқынышты бастан кешіреді. Оны көбісі өз бетімен жеңе алмайды. Көбінесе бұл орта және жоғары сынып оқушылары арасында кездеседі. Ата-анаға баланың осындай жағдайға тап болғанынан хабар беретін мынандай белгілер бар: ешкіммен қарым-қатынасқа түскісі келмеуі, оқшаулануы, мектепке барудан бас тарту, оқу үлгерімінің нашарлауы, - дейді Екатерина Маденко.

Сонымен қатар, балаға болған оқиғаға өзі кінәлі екенін айтпау керек.

"Өзі кінәлі", "сазайын бер" деп айтпау керек. Оның орнына баланың қателігін дұрыс қабылдап, қолдау білдіріп: "Сөзіңе сенемін", "Маған айтқаның қандай жақсы болды", деу керек. Кейбір жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндірген дұрыс. Одан кейін орын алған оқиғаға қатысты мұғалімдерден, директордан және мектеп психологынан мәліметтер жинау керек. Баланың жағдайын бақылаңыз, - дейді Екатерина Маденко.

Психологтың айтуынша, мұндай жағдайда мектеп жәбірленушінің ата-анасы мен жәбір көрсетушінің ата-анасы арасында кездесу ұйымдастырып, оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесу керек. Жағдай шектен шыққан жағдайда мектепті ауыстыруға немесе үйден оқуға көшуге дайын болу керек, деп есептейді ол.

Сондай-ақ сарапшы балаға біреулердің тиісіп жүргендігінен хабар беретін белгілерді атады: оқшаулану, тәбеті мен ұйқысының нашарлауы, мектепке барудан бас тартуы, оқу үлгерімінің нашарлауы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз