Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ақылы автотұрақты тегін пайдаланатындар тізімі кеңейтілді

АParking, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2021 23:54 АParking
Қаулы 2021 жылғы 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен Алматы қаласындағы коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында Алматы қаласының ақылы автотұрақтарында тұрақ орындарын тегін пайдалануға жеңілдіктер қосылды:

  • ҰОС қатысушылары, мүгедектер және олармен теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • I және II топтағы мүгедектер, мүгедек баланың заңды өкілдері;
  • "Алтын Алқа" және "Күміс Алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар;
  • тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтік мемлекеттік нөмір белгілері бар және көк және қызыл түсті арнайы жарық белгілерімен және арнайы дыбыс сигналдарымен жабдықталған арнайы автокөлік жүргізушілері.

Қаулы 2021 жылғы 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: