Жаңалықтар тізбегі
0

Жеке сот орындаушысының тағылымдамасынан қалай өтуге болады

zhso.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2021 22:21 zhso.kz
Бұйрық 2021 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Әділет министрі 2021 жылғы 15 қазандағы бұйрығымен жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірушілер жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жанындағы оқу орталығына еркін нысанда өтініш бере алады делінген.

ЖСО-да тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қажет:

  • ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • психикалық мінез-құлық бұзылулары бар науқастарды динамикалық бақылау (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) туралы мәліметтер;
  • мәліметтер (наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) туралы);
    * сотталмағаны туралы анықтама;
  • 3х4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет.

Бұйрық 2021 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: