Министр Қазақстанда автокөлік неге қымбаттағанын түсіндірді

Zakon.kz Zakon.kz
Бағаның дәл осындай өсуі Ресейде, Қытай және Еуропа нарықтарында орын алған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы автомобильдер бағасының өсуі немен байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпшілік Қазақстанда шығарылатын базалық маркаларға сілтеме жасайды, бірақ сол уақытта Қазақстанда мүлдем шығарылмайтын BMW, Mercedes, Toyota сияқты басқа маркалардың бағасы өсті, – деді Атамқұлов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бағаның дәл осындай өсуі Ресейде, Қытай және Еуропа нарықтарында орын алған.

Біріншіден, бұл кейінге қалдырылған сұраныстың нәтижесі. Пандемия кезінде адамдар іс жүзінде үйде отырды, банктер жұмыс істемеді. Автокөліктерге, туристік қызметтерге сұраныс төмендеді. Енді талаптар жеңілдеп, сауда қызметтері бойынша үлкен өсім байқалды. Дәл осы уақытта электронды схемалардың чиптерін жеткізу жүйесінде сұраныс артты", – деп түсіндірді Индустрия министрлігінің басшысы.

Ол автомобильдердің негізгі жеткізушілері – Тайвань мен Қытайға санкциялар салынғанын атап өтті. Басқа елдердегі кейбір компаниялар өндірісті тоқтата тұрған кезде, Қазақстанда отандық автоөнеркәсіп өсіп келеді.

Министрдің айтуынша, биыл 65 мың автокөлік өндірілген.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз