Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік Қазақстанда пияз неге қымбаттағанын түсіндірді

пияз, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 10:57 Сурет: unsplash
Пияздың жоғары өнімділігіне қарамастан, оның ішкі нарықтағы құны өте жоғары. Жыл басынан бері пияз бағасы 109% (2 есе) өсті. Бұл – кейінгі 4 жылдағы ең жоғары өсім. Апта сайынғы өсімі орта есеппен 2-3%-ке жетіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңге болса, Алматы облысында пияздың ең жоғары бағасы 308 теңге көлемінде тіркелді.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбатуы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты.

Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 шілде күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөніндегі кеңесте пияз бағасының қалыптасуы қарастырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ішкі бағаны қалыптастыру мақсатында нарықтың осы өніммен қамтамасыз етілуіне талдау жасау, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып келісім-шарттар жасау және пиязды аймақтарға жеткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен қатар пиязды экспорттауға тыйым салу немесе шектеу енгізу туралы мәселені сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көтеру туралы айтылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге бақылаусыз экспортқа жол бермеу мақсатында бұл мәселе ведомствоаралық комиссия отырысында қаралғанға дейін фитосанитарлық рұқсат беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. 22 шілде ведомствоаралық комиссияның отырысында және ӘМАТ бойынша кеңесте бүгінде пияз экспортына тыйым салудың орынсыздығы туралы айтылды. Өйткені арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті.

Бүгінде облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 процентін құрайды. Осыған байланысты фитосанитариялық рұқсаттарды беру қайта жаңғыртылуға тиіс. Осылайша бүгінде пияз экспортына тыйым жоқ. СИМ нарықта дүрлікпе тудырмай, түсініктеме алу үшін тікелей орталық мемлекеттік органға жүгінуге шақырады.Әлішер Өмірзақ, ҚР СИМ ресми өкілі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: