COVID-2019: Орал мектептерінен "қызыл" белгіге ие мұғалімдер анықталды

Zakon.kz Zakon.kz
Аталған жайт Орал қаласының №1, №10 және №23 орта жалпы білім беретін мектептерінде және №14 балабақшада орын алған.

БҚО-да вирус жұқтырған тұрғындардың режим бұзғаны белгілі болды. Оралда бірнеше мектепте Ashyq қосымшасында "қызыл" белгіге ие мұғалімдер жұмысқа келіп жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев бір апта ішінде Ashyq қосымшасында "қызыл" белгіге ие балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер жұмысқа баруға талпынған төрт жағдай анықталғанын айтты. Аталған жайт Орал қаласының №1, №10 және №23 орта жалпы білім беретін мектептерінде және №14 балабақшада орын алған.

Бұл факті Ashyq қосымшасы арқылы анықталды. ПТР тесттің оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, олар жұмысқа барып жүрген. Басқаларға ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, бұған жол берілмейді, - деді аймақ басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз