Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушыларды эвакуациялап жатыр деген хабар ата-аналарды дүрліктірді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2021 22:28 zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, ел мектептерінде мұндай жағдай орын алған жоқ.

WhatsApp мессенджерінде Тараз және Шымкент қалаларында балаларды мектептен белгісіз бағытта автобуспен эвакуациялап әкетіп жатыр деген хабарлама тарап, жұртты дүрліктіріп қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның себебі оқушыларды ішуге мәжбүр ететін тамшы түріндегі препаратпен вакцинациялайды- мыс деп түсіндіріліпті хабарламада. Әрине, бұл - таза өтірік. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның хабарлауынша, ел мектептерінде мұндай жағдай орын алған жоқ.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство балаларға қатысты заңсыз әрекеттер жасалмайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Ата-аналардан мұндай жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз. Биыл азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған барлық құралдар (маскалар, антисептиктер, дезинфекциялық құралдар және т.б.) бар. Біздің ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, бұл отандық ғылымды жаңа деңгейге шығарды. Көптеген елдерде оқыту офлайн форматта өтуде. ҚР Білім және ғылым министрлігі де оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастырды. Оқудың алғашқы екі аптасында оқушылардың жалпы санының 1% – дан кемі коронавирус жұқтырды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгінгі күні ауызға тамызу арқылы, яғни ішке қабылданатын тамшы түріндегі бір ғана вакцина кеңінен қолданылады.

Ол - полиомиелитке қарсы иммундауға арналған дәрі. COVID-19-ға қарсы мұндай вакциналар жоқ. 12 жастан асқан балаларға иық бұлшық етіне Pfizer/BioNTech препаратын егуге рұқсат етілген. Бұл вакцина Қазақстанға әлі әкелінген жоқ. Алғашқы партиясы биыл қазан айында елге жеткізілмек. Демек, хабарламада айтылғанның бәрі фейк, деп атап өтті Stopfake.kz.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: