"Қазақстан аруы" байқауында алғаш рет бірден үш сұлу жеңімпаз атанды

Zakon.kz Zakon.kz
"Қазақстан аруы" халықаралық байқауының 25 жылдығына орай ерекше шешім қабылданды.

Қазылар алқасы қиын таңдауға тап болды. 15 арудың ішінен тек біреуін ғана таңдау қиынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан аруы" халықаралық байқауының 25 жылдығына орай ерекше шешім қабылданды. Байқаудың ресми сайтында өткен жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша, бірден үш қатысушы "Қазақстан аруы-2021" атағына ие болды.

Олар Қазақстанның атынан халықаралық сұлулық байқауларында өнер көрсетеді.

Сонымен, "Жаһан ару" байқауында еліміздің намысын Анна Глубоковская қорғайды. Айдана Ахантаева "Әлем аруы" аттанады. Назерке Қарманова "Әлем аруы" атағына таласады.

"Қазақстан аруы-2021" байқауының жеңімпаздарын Мадина Батық пен атақты скрипкашы Марат Бисенғалиев марапаттап, бастарына тәж кигізді.

Zakon.kz редакциясы қыздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз