Алматыда "Қазақстан аруы - 2022" байқауының жеңімпазы анықталды
Байқаудың ақтық сынында 23 қыз өзара таласқа түсті. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 12, одан кейін үздік бес қатысушыны іріктеп, таңдады.
Бесеудің ішінде Томирис Кәрімова "Әлем аруы" байқауына жолдама алып, 5 млн теңгенің чегін иеленді.
19 жастағы алматылық Диана Тәшімбаева "Қазақстан Дүниежүзі аруы" тәжін иеленіп, "Дүниежүзі аруы" байқауына жолдама алды.
"Қазақстан Жер жүзі аруы" атағы мен "Жер жүзі аруы" байқауына жолдама 19 жастағы алматылық Дильназ Тилаеваға бұйырды.
19 жастағы Томирис Заир "Қазақстан вице-аруы - 2022" атанды.
18 жастағы семейлік Алтынұя Ғазизова көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді.
Соңғы кезең бірнеше сайыстан тұрды. Байқауға қатысушылар жекелей және топпен сахнадан жүріп өтіп, содан кейін сұрақтарға жауап берді.