Педофил мен террористердің Қазақстанға кіруіне шектеу салынады

pxhere, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2021 18:55 pxhere
Имашеваның айтуынша, Мәжілістің бейінді комитеті заң жобасын қабылдауға дайын.

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады. Түзетулер педофилдер үшін Қазақстанға кіруді шектеуді және террористердің кіруіне тыйым салуды көздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Снежанна Имашеваның айтуынша, бұл заң жобасын депутаттар тобы "Халықтың көші-қоны туралы" заңды және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірлеген.

Заң жобасында көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандардың біздің елдің азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу көзделген, - деді депутат.

Сондай-ақ, төтенше жағдайда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеуді көздейді.

Имашеваның айтуынша, Мәжілістің бейінді комитеті заң жобасын қабылдауға дайын.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: