Гол салмайтын, оның орнына қазынаға қол салатын футболға ақша бөлуді доғару талап етілді

pixabay.com pixabay.com
Бұл талап Мәжіліс қабырғасында айтылды.

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Франциядан 8:0 есебімен тақыр-таза ұтылғаны Мәжіліс депутаттарының ашуын туғызды. Халық қалаулылары Үкіметке кәсіби клубтарды "облыстық әкімдік бюджетінен" қаржыландыруды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекеттің мойнына мініп, жыл сайын милиардтарды желге шашатын футбол клубтарын коммерциялық бағытқа жіберетін уақыт жетті", - дейді олар. Белгілі болғандай, соңғы үш жылда облыстық әкімдіктер кәсіби клубтарға 111 милрд. теңгеден астам қаржы жұмсаған. Оның қыруар бөлігі шетелдік легионерлерге төленіпті. Еліміздің Премьер-лигасындағы 371 футболшының 150-і, яғни жартысына жуығы легионерлер екен, делінген "Еуразия" бірінші арнасы жаңалықтарында.

ҚАЗЫБЕК ИСА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстан 30 жылда бір ғана стадион салса, футбол бюджеті бізден екі есеге жуық аз Өзбекстан 10 стадион салып тастаған. Миллиардтар алып отырған қазақ футболында гол жоқ! Ал ауылдарда қаржы тапшылығынан жол жоқ! Сондықтан, гол салмайтын, тек халық қазынасына қол салатын, қол салғанда мол салатын футболға миллиардттарды босқа шашуды тоқтататын уақыт жетті!

Сонымен қатар, депутаттар Футбол федерациясы бас хатшысы: "Біз бюджеттен қаражат алмаймыз, 200 миллион теңге ғана алдық" дегеніне күмәнмен қарайтындарын ашық айтты. Мәжілісменнің айтуынша, федерацияға республикалық бюджеттен, УЕФА-дан, Самрұқ-Қазынадан, демеушілер бөлген қаржыларды қосса - қыруар қаржы. Ал "жеңілістің себебі жақсы футболшылардың тапшылығы" дегендері мүлде қисынсыз дейді.

Кезінде Бразилияға алақайлап шығарып салған 78 балақайдан бүгіндері футбол ойнап жүрген біреуі де жоқ, дегенді депутат футбол федерациясының бетіне салық қылып басты
.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз