Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Саиров: Шекаралас аудандарды дамыту қажет

Е.Саировтың мұрағатынан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 17:45 Е.Саировтың мұрағатынан
Бұл тұста алдымен инфрақұрылымды дамытып, жол мәселесін шешу қажет.

Парламент Мәжілісі депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерлан Саиров Ұлттық Кеңесте Мемлекет басшысы қойған басты міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халық пен билік арасын жалғайтын көпір іспетті, кері байланыстың маңызды құралына айналуда. Бүгінгі таңда ҰҚСК қызметінің басты бағыттары: әлеуметтік даму мен еліміздің қоғамдық-саяси жаңаруы. Өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес қазақстандық қоғамды жаңартуда маңызды институт екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ерлан Саиров Ұлттық кеңестің кезекті отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылғанын айтты.

– Президент қазіргі таңда нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық беру қажеттігін алға тартты, – деп түсіндірді парламент мүшесі. – Атап айтқанда, елдегі мектептердің, яғни балалар мен мұғалімдердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші, мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрақты әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, бүгіннің өзекті мәселелері қатарына банктер мен қарыз алушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты жатқызды.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, біз банктер мен қарыз алушылар арасындағы тең құқықты экономикалық өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуіміз керек. Жыл соңына дейін заңнамалық базаны әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жөнінде нақты тапсырма берді".

Бұдан бөлек Ұлттық кеңесте қарастырылған тағы бір мәселе еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл жөнінде мәжіліс депутаты былай деді:

– Қазір біз өте күрделі геосаяси заманда өмір сүріп жатырмыз, әлемде алпауыт елдер арасында, әртүрлі экономикалық жүйелердің қайшылықтары артып келеді. Сондықтан бізге еліміздің сыртқы және ішкі шептерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Бұл тұста шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық беру қажет.

Отырыс барысында президент үкімет пен кеңес мүшелеріне және мемлекет басшысының өзі де аталған түйткілді мәселелердің шешімін тарқату жөнінде нақты тапсырма берді.

Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?

Саиров Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік саласындағы маңызды мәселе деп Қазақстанның шекаралас аудандарының әлеуметтік-экономикалық базасын нығайтуды белгіледі.

Елімізде халық тығыздығы төмен, аумағы үлкен болғандықтан, халықты қоныстандыру ісінде баланс сақтау – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бір бөлшегі. Сондықтан сол аудандардағы тұрғындардың басқа аумаққа үдере көшпеуі үшін елді мекеннің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге тиіспіз.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын – шекара маңындағы аудандардың инфрақұрылымын, экономикасын, әлеуметтік саласын әзірлеуге нақты тапсырма жүктеді. Әңгіме, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аудандары туралы болып отыр. Себебі осы аумақтан халық үдере көшіп жатыр, деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, бұдан бөлек еліміздің оңтүстік және шығыстағы шекараларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралатын болады.

Бұл тұста алдымен инфрақұрылымды дамытып, жол мәселесін шешу қажет. Осы арқылы республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы жаңартылмақ. Қазір бізде аудандық және облыстық маңызы бар жолдарға қатысты үлкен проблемалар бар, – деп атап өтті парламент мүшесі.

Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылымдар салу қажет. Аталған аудандардағы көптеген елді мекендер қарапайым мобильді байланыспен қамтамасыз етілмеген. Өңір тұрғындарын заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін іс. Ал бағдарламаны әзірлеуге белгілі бір уақыт қажет. Шекаралас аумақтарды дамыту жобасы перспективалы әрі ол бес-он жылға есептеліп отыр.

Әріпжан Әли

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: