Жаңалықтар тізбегі
0

Дипломатиялық қызметке сілкініс қажет – Президент

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 22:55 pixabay
Дипломатиялық қызметке, ең алдымен, білімді, ашық, отансүйгіш кәсіпқойлар қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР СІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында қазақстандық дипломатияның жаңа бейнесін қалыптастыру қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің дипломатиялық қызметіміз жақсы сілкіністі қажет етеді. Сыртқы істер министрлігінен білікті мамандардың кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретеді, күрделі сын-тегеурінге айналуда, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол СІМ ең консервативті құрылымдардың бірі екенін жақсы білетінін атап өтті. Мұның оң және теріс жақтары бар деп ойлайтынын айтты.

Бір жағынан, дәстүрді сақтау, кәсіби дипломаттардың тар тобын қалыптастыру тұрғысынан жағымды жағы бар. Екінші жағынан, өз еліне қызмет еткісі келетін көптеген білімді, ақылды жастар осы министрлікке жұмысқа орналасу кезінде шешілмейтін кедергілерге тап болады. Бұл жағдайды түзету қажет. Уақыт кадр саясатында түбегейлі өзгерістерді талап етеді, - деп қосты президент.

Оның көзқарасы бойынша, дипломатиялық қызметке, ең алдымен, білімді, ашық, отансүйгіш кәсіпқойлар қажет. Тоқаев Қазақстанның атынан шетелдерде өкілдік ететін дипломаттар тек шет тілдерін ғана емес, ең алдымен мемлекеттік тілді де меңгеруі тиіс екенін атап өтті.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: