Талдықорған полицейлері бетперде режимін тексеріп, қаланы жаяу аралап жүр
Талдықорғанда полицейлер тұрғындармен бетперде режимін сақтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын алу іс-шараларымен полиция қызметкерлері сауда орындарына, азық-түлік дүкендеріне, ашық алаңдарға, сондай-ақ, карантин кезінде қала тұрғындарының басты сүйікті орындары болып табылатын аула ішіндегі аумақтар мен демалыс орындарына баруда. Бұл орындар вирустың таралуының әлеуетті ошағы болып табылады және осы орындарда көбіне әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимі сақталмайды. Тәртіп сақшылары азаматтарға бас санитарлық дәрігерлердің қаулысында белгіленген пандемия кезінде медициналық бетперделер мен басқа да жеке қорғану құралдарын міндетті түрде қолдану туралы нормаларды түсіндіреді.
Бетперде режимі- ең алдымен, өзіңізді қауіпсіздендіру және жақындарыңызға дерт жұқтырмау үшін қажет. Мұндай ақпаратты тәртіп сақшылары жеке қауіпсіздік құралдарын пайдаланбай жүрген әрбір қала тұрғынына, сондай-ақ азық-түлік қызметімен және жеке меншік нысандарымен айналысатын адамдарға түсіндіруде. Ең алдымен егде жастағы адамдар мен қауіп-қатер тізімінде бірінші болып тұрған балалар ерекше назарда.
Тексеру барысында, полиция қызметкерлері әрбір азық-түлік дүкеніндегі дезинфекциялық құралдарды бақылап, сатушылардың қорғаныс құралдарын пайдалануын қадағалады. Кейбір азаматтар барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған болса, өзгелері бетперде кимеуді және санитайзерді пайдаланбауды жөн санаған. Мұндай көрініс қоғамдық орындардан да байқалды.
Бүгінгі күні азаматтардың медициналық бетперделерді сатып алуы мен тұтынуында өткір тапшылық жоқ. Үкімет, аумақтардағы жергілікті атқарушы органдар өз уақытында пайда болған жеке гигиеналық вирусқа қарсы құралдардың жетіспеушілігіне байланысты проблемаларды шешуде барлық қажетті шараларды қабылдады және нәтижесінде бәрі дер кезінде жойылды, сондықтан да қазіргі таңда барлық қарастырылған ережелерді сақтау және қарапайым медициналық бетперделерді кию біздің басты міндеттеріміздің бірі, - дейді Полиция басқармасының қызметкерлері.
Полицейлердің жаяу аралау жұмыстары өз нәтижелерін беріп келеді. Алдын алу әңгімелері тұрғындарды тәртіпке бет бұрғызуда. Әр азаматқа ескерте отырып, біз вирусқа қарсы тұруға және әлемдік пандемияға қарсы күрестің алдын алуға өз үлесімізді қосамыз, - деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тағы да қала тұрғындары мен қонақтарын карантин нормаларын қатаң сақтауға шақырды.