Атырау облысының билігі бетперде тағу режимінен бас тартуға асығар емес
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Мәдениет Танауов өңірде коронавирустың алдын алу шаралары жөнінде жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, адамдар көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимі өз күшін сақтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында өңір тұрғындарына барлық медициналық ұйымдарда, үй карантиніндегі талаптарды сақтау барысында, пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйесі мекемелеріне және басқа да объектілерде маска тағу режимін сақтауды қаулы етемін. Халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсынылады. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Мәдениет Танауов
Сонымен қатар «Ashyq» мобильді қосымшасын субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде, қызметіне шектеу қоймай пайдалану қарастырылады.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
25 наурызда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова үй-жайларда бетперде тағу режимін жою туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript