Қызылжарда локдаун енгізілуі мүмкін

Zakon.kz Zakon.kz
Қызылжар өңірі бір жарым айдан бері "қызыл" белдеуден шыға алмай келеді. Тек өткен тәуліктің ішінде аймақта 143 адам қауіпті вирус жұқтырған.

Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан шыға алар емес. Сала мамандары өңірде эпидахуалдың күрделі екенін айтады. Күн сайын орта есеппен 150-ге жуық адам қауіпті індетті жұқтырады. Өлім-жітім көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер жағдай әрі қарай ушықса, локдаун енгізілуі мүмкін екені айтылып жатыр, делінген Астана телеарнасы жаңалықтарында.

Петропавл қаласының тұрғыны Ольга Ринева ауруханаға үш күн бұрын түскен. Ол карантиндік талаптарды қатаң сақтағанын, вакцина да салдырғанын айтады. Бірақ қанша сақтанса да, жұқпалы дертке қарсы тұра алмапты.

Ольга РИНЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен екінші вакцинаны 20-қазанда алдым. Антидене әлі қалыптасып үлгермесе керек. Коронавирусты қайда жұқтырғанымды білмеймін. Қарашаның бесінде ауырып, алдымен үйде емделдім. Артынша дем алуым қиындап, тынысым тарылған соң дәрігер көмегіне жүгіндім. Бірден ауруханаға алып кетті. Қазір жағдайым орташа.

Қызылжар өңірі бір жарым айдан бері "қызыл" белдеуден шыға алмай келеді. Тек өткен тәуліктің ішінде аймақта 143 адам қауіпті вирус жұқтырған. Облыстағы ауруханалардың бір мезетте 1700-ден астам науқасты емдеуге мүмкіндігі бар. Қазір емдеу бөлімшелері 40 пайыз толық. "Күніне 4-5 адам короновирустан көз жұмады", - дейді дәрігерлер.

Жанна МАУТОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Жасанды желдету құрылғылары мен дәрі дәрмек жеткілікті. Былтырғыдай проблема жоқ. Қазір вирус өзгерген, белсенділігін арттырып отыр. Сондықтан көп жағдайда үлкен кісілер дертке қарсы келе алмай жатыр. Короновирустан қайтыс болғандардың басым бөлігінде қосымша аурулар болған. Жүрек қан тамыры, қант диабеті деген сияқты.

Аймақта той-томалақ пен мереке-жиындарды өткізуге тыйым салынған. Ал ойын-сауық орталықтарына демалыс күндері тек "жасыл" статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат.

Меруерт АТАМБАЕВА, СҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Дәл қазіргі кезде коронавирус инфекциясы анық шарықтау шегінде тұр. Ешқандай төмендеу де, қатты өсу де байқалып тұрған жоқ. Бір деңгейде тоқтап тұр. Егер бұл жағдай әрі қарай өршитін болса, тағы қаталдатылған шаралар енгізілуі мүмкін бұдан да қатты. Мысалы локдаун енгізілуі мүмкін.

Аймақта тұрғындарды вакцинациялау шарасы өте баяу жүруде. Екпенің қос компонентін 240 мың адам, яғни өңір халқының шамамен 65 пайызы ғана салдырған. Бүгіннен бастап жасөспірімдер пен жүкті әйелдер вакцина алуда. Облыста 30 мыңнан астам жасөспірім бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз