11:20 29.11.2021

Жоғары сот кеңесінде судьялар корпусына кадр іріктеу мәселелері талқыланды

Жоғары сот кеңесінің аппараты
Мұндай ауқымды іс-шара Қазақстан астанасында осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

2021 жылдың 24-ші қарашасында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясымен (Венеция комиссиясы) бірлесе отырып «Сот жүйесіндегі сот кеңестерінің ролі мен орны және олардың заманауи модельдері» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел жиынын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай ауқымды іс-шара Қазақстан астанасында осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы уақыт аралығында форум сот жүйесін жетілдіру және судьялар корпусына кадрларды іріктеп алу бойынша озық  тәжірибемен бөлісудің халықаралық диалог алаңына айналды.

Дөңгелек үстел жұмысына тұрақты түрде Еуропа мен Азия (Ұлыбритания, Франция, Италия) және ТМД елдерінің (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) сот органдары мен сот кеңестерінің, халықаралық институттардың өкілдері (ЕЫҚҰ/АҚДИБ, Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы, БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуропадағы сот кеңестерінің желісі, Еуропалық судьялардың Консультативтік кеңесі, еуропалық прокурорлардың Консультативтік кеңесі), әділет және құқық және HR-менеджмент салаларының сарапшылары қатысып келеді.

Дөңгелек үстел жұмысы

Жоғары сот кеңесі

Биыл да бірқатар халықаралық және шетелдік қатысушылар, соның ішінде Еуропа Кеңесінің Венеция Комиссиясының төрағасы Джанни Буккикио мен Еуропадағы Сот Кеңестері Желісінің Президенті Филиппо Донатти сөз сөйлеп, пікірлерімен бөлісті.

Халықаралық дөңгелек үстел жиынында шетелдік қатысушыларға Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің қызметі мен судьялар корпусын қалыптастырудағы ролі туралы ақпарат берілді. Еліміздің Жоғары Сот Кеңесіннің қызметін жаңғыртуда және судья кадрларын қалыптастырудың қазақстандық жүйесін жасақтауда халықаралық стандарттар мен бұл салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген мемлекеттердің тәжірибесі ескеріледі. Сондықтан, шетелдік серіктестермен байланысты нығайту республикамыздың Жоғары Сот Кеңесінің қызметіндегі басым бағыттарды бірі десек, артық болмас. 

Шетелдік және халықаралық сарапшылар мен сот кеңестерінің өкілдері аталған форумда жаһандық пандемия жағдайындағы жұмыстың жаңа форматтарын игеру тәжірибесімен бөлісті. 

Атап айтсақ, судья лауазымдарына кардларды іріктеп алу және тағайындау процесіне заманауи ІТ-технологияларын енгізу; Ұлыбритания елінде сул\дья кадрларын дайындау; Франция мен Бельгия және Италия мен Испаниядағы сот кеңестерінің қазіргі модельдері кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел

Жоғары сот кеңесі

ЕЫҚҰ/АҚДИБ, Еуропа кеңесі мен ЭЫДҰ ұйымдарының өкілдері де тақырыптық баяндамалар жасады.

Пікірсайыс барысында сарапшылар судьялар корпусына кадрларды іріктеудің өзекті мәселелерін талқыға салып, жиынға қатысушыларға бұл саладағы заманауи өзгерістер туралы ақпарат берді.

Халықаралық дөңгелек үстел жиынының қорытындысы бойынша тараптар тиісті ұсыныстарын бекіттті.

Главная Топ новости Zakon LIVE Все новости