Сырты конфет, іші есірткі. Тапқырлардың тергеу изоляторына әкелмейтіні жоқ

Түрмеге сәлемдеме , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 14:26 Алматы қаласының ҚАЖ департаменті
Сотталғандар мен тергеу тұтқынындағыларға тыйым салынған заттарды жасырын түрде өткізуге тырысатындар көптеп кездеседі.

Алматы қаласындағы тергеу изоляторында тұтқындарға есірткі, ұялы телефондар жеткізуге әрекет жасайтындар жиі анықталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, жуырда ЛА-155/18 мекемесінің сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде шоколодты конфеттің ішіне есірткі затын жасырып әкелген Т. деген адам ұсталды.

1994 жылы туған ол 8 дана конфеттің ортасына салынған есірткілік затты тергеу тұтқынындағы И-ға әкелген. Тыйым салынған затты құйтұрқы жолмен өткізбек болған Т-ның Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны екені анықталды.

Тағы бір мысал – осы ЛА-155/18 мекемесіндегі сотталған М-ның атына Әйгерім атты азаматшадан «Қазпошта» АҚ арқылы поштамен келген сәлемдемеден 2 дана «Нокия» маркалы ұялы телефоны табылды. Аяқ киімнің ұлтанына жасырған ұялы телефондарды бақылаушылар сәлемдемелерді тексеру кезінде анықтады.

Тергеу изоляторындағы М. ҚР ҚК-нің 188-бабы 4- бөлігінің 3-тармақшасы бойынша 8 жыл 11 ай мерзімге сотталып, сот үкімінің заңды күшіне ену мерзімін күтіп жатқан болатын.

Тыйым салынған заттарды өткізбекші болған әрекеттер кезінде Алматы қаласы Түрксіб аудандық ПБ-нан жедел тереу тобы шақырылып, құқықбұзушыларға тиісті жаза белгіленуде.

Ішінде есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 14:26

Алматы қаласының ҚАЖ департаменті

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: